Өскемен рельстерінде Беларусь трамвайлары жүреді
Бүгін қала әкімі Алмат Ақышовпен өткен брифинг барысында Өскемен трамвайларының жаңаратыны белгілі болды.
Өскемен трамвайларының жайсыз күйі баршаға мәлім. Қала басшысы Өскемен тұрғындарының үндеуіне құлақ асып, шаһардың рельсті көлігінің жағдайымен және қызмет көрсетіп отырған мекемемен танысып қайтқан болатын.
Кездесу нәтижесінде Қазақстан көшесінде, сондай-ақ Мызы, Қабанбай батыр және Сағадат Нұрмағамбетов көшелеріндегі, соның ішінде көпір маңындағы трамвай жолдарын жаңарту және қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 2,7 км рельс пен 1,3 км байланыс сымы ауыстырылғаны белгілі болды.
Қала әкімі бүгінгі брифинг барысында трамвайларға қатысты тың мәліметтермен бөлісті.
Алмат Талғатұлы мекеме басшысына арнайы тапсырма бергенін, егер міндет орынды түрде атқарылмаса, қызметінен босатылатынын қадап айтты. Сонымен қатар, қала басшысы трамвай жолдарын жөндеу жұмыстарына да тоқталды.
Қала басшысы трамвай паркін басқаруда Павлодар қаласының тәжірибесін негізге алатынын және көрші облыс орталығының бұл салада жетістіктері бар екенін атап өтті.
Айдос Мырзахметов
Фото: Өскемен қаласы әкімдігінен