KZ
Өскемен
небольшой снег жел 3 м/с, В
522.38 612.6 6.54

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды

Фото: pexels.com

26.06.2025, 12:30 281 Әбішев Ержан

Мәдениет және ақпарат министрлігі республикалық «Тәуелсіздік ұрпақтары» жастар грантына өтінім қабылдаудың басталғанын жариялады. Бұл байқау Мемлекет басшысының бастамасымен өткізіліп отыр және батыл да мазмұнды жобалар ұсынуға дайын жастарды қолдауға бағытталған. Байқау алты негізгі бағыт бойынша жүзеге асады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

2025 жылғы 16 маусымнан 18 тамызға дейін (сағат 00:00-ге дейін) еліміздің 14 жастан 34 жасқа дейінгі азаматтары (қоса алғанда) байқауға қатысу үшін өтінім бере алады. Биыл әрқайсысы 3 миллион теңге көлемінде 30 грант бөлінеді.

Гранттар мемлекет жүргізіп отырған белсенді, жасампаз әрі шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыру саясаты аясында беріледі. Іріктеу байқау негізінде өтеді. Қатысушылар өз идеяларын ұсынып, олар қоғамға, мәдениетке, ғылымға және еліміздің цифрлық болашағына нақты пайда әкелуге тиіс. 

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жай ғана бастама көтеріп қана қоймай, оны іске асыруға дайын жастарға арналған. Бұл грант жастардың бастамаларын қолдауға бағытталған институционалдық механизмге айналуы ықтимал. Жоба жеңімпаздарының жұмыстары әлеуметтік маңызы бар жобалар қатарына кіріп, әрі қарай да іске асуы мүмкін.

Гранттар мына бағыттар бойынша ұсынылады:
•    Ғылым – инновациялық жобалар мен ғылыми зерттеулерді іске асыру.
•    Мәдениет – мәдени мұра, халық дәстүрлері мен өнерді насихаттау.
•    Ақпараттық технологиялар – IT шешімдерді әзірлеу және енгізу.
•    Бизнес – инновациялық бизнес-идеяларды дамыту.
•    Медиа – жастарға арналған пайдалы, танымдық және қызықты контент жасау.
•    Волонтерлік – еріктілік арқылы өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу.

Грантқа үміткер болу үшін конкурс құжаттарын t.urpaktary25@gmail.com электрондық поштасына 2025 жылғы 18 тамызға дейін жолдау қажет.

Құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады. Өтінімде жоба атауы, 60 сөзден аспайтын жоба сипаттамасы, 10 бетке дейінгі жоба мазмұны, интеллектуалдық меншік туралы анықтама (бар болса), жеке куәлік немесе туу туралы куәлік көшірмесі болуы керек.

Қосымша ақпаратты (7172) 741-278 және 8-706-618-07-23 телефондары арқылы 09:00-18:30 аралығында алуға болады.

Толығырақ ақпарат Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтында қолжетімді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу