KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
512.83 600.58 6.36

«Торпедо» жаңа талисманға байқау жариялады

26.06.2025, 17:30 229 Гульжан Мусина

Өскеменнің «Торпедо» хоккей клубы жаңа маусымға жаңаша серпінмен дайындалуда. Команда құрамы ғана емес, енді жаңа талисман да болмақ. Осыған байланысты клуб барлық жанкүйерлерге ашық байқау жариялады. Мақсат – команданың рухын білдіретін, үлкен-кіші жанкүйерлерге ұнайтын ерекше бейне жасау, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Байқауға кез келген адам қатыса алады. Ол үшін өз ойыңыздағы талисманның суретін немесе нобайын салып, қысқаша сипаттамасын және байланыс нөміріңізді қоса отырып, hc.torpedo.uk@mail.ru поштасына жіберу керек. Немесе қағазға шығарып, Б. Александров атындағы спорт сарайына тапсыруға болады.

Қатысушылардан өтініштер 30 маусым мен 14 шілде аралығында қабылданады.

Кейін клуб мамандары, жанкүйерлер мен қоғам өкілдерінен құралған арнайы қазылар алқасы үздік идеяларды таңдайды. Финалистердің арасынан жеңімпазды Telegram-арна арқылы онлайн дауыс беру жолымен анықтайды.

Бас жүлде — iPhone 16.

Байқау «Казцинк» компаниясының қолдауымен өткізіліп жатыр.

Қосымша сұрақтарыңыз болса, +7 777 390 73 04 нөміріне хабарласа аласыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу