KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СШ
495.28 518.41 5.44

«Жігіттер» тобының әншісі әнді 50 теңгеге айтқан

23.05.2023, 22:14 3 046 Мадина Амангелдіқызы

«Жігіттер» тобының әншісі Айдар Тұрғамбек кезінде бір әнді 50 теңгеге де айтқан екен.

«Ұйқым келмейді» түнгі шоу-бағдарламасына қатысқан «Жігіттер» тобы өнер жолындағы қызықты естеліктерді айтып берді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

Топ мүшесі Айдар Тұрғамбектің айтуынша, оның алғашқы айлығы өте берекелі болды.

– Алғашқы жалақым 7000 теңге болды. 2001 жылы ол үлкен ақша. Сол кезде ауылдан қалаға енді келіп, Шымкент дәмханаларының бірінде жұмыс істедім. Әр әнді 50 теңгеге айттым, ақшаны қолма-қол беретін. Ол кезде музыкалық аппарат – қол жетпейтін нәрсе, әнді гитарамен айтамын. 7000 теңге бәріне жететін, оқуымның ақысын төлеп, әке-шешеме де жіберіп отыратынмын. Ол жерде 1 жыл жұмыс істедім, даусымды шыңдадым, – деп бөлісті әнші.

Бағдарлама барысында топтың алдағы жоспары белгілі болды. Биыл 20 жылдық мерейтойын атап өтетін «Жігіттер» көрермендерді концерттерімен қуантпақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу