KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Өскеменде қарттарға бассейн мен гимнастика клубы тегін жұмыс істейді

22.02.2019, 04:32 426

Бүгін (22 ақпан) Өскеменде сағат 15.00-де «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында Достық үйінде «Белсенді өмір орталығы орталығы» ашылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы ШҚО филиалының баспасөз хатшысы айтты.


Аталған орталықта «Сіздің денсаулығыңыз» клубы жұмыс істейді. Онда егде жастағы азаматтар емдік-сауықтыру гимнастикасымен айналысады. Сондай-ақ, әдеби-көркемдік клуб, ардагерлері хоры мен қызығушылықтары бойынша үйірмелер және шахматшылар тобы жұмыс қызметін бастайды. Орталық күн сайын белгіленген кестеге сай тегін жұмыс атқарады.


Қаланың ақсақалдары мен ақжаулықты әжелері үшін сонымен қатар, О.Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежі, Стаханов к-сі, 3А мекен-жайындағы денешынықтыру-сауықтыру кешені, Добролюбов к-сі 44 мекен-жайындағы бассейн де тегін қызмет көрсетеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив