KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
475.18 510.72 5.47

Өскеменде ақпаннан бастап студенттік жол жүру билеттері сатылады

23.01.2019, 08:50 176


Биылғы жылдың ақпан айынан бастап облыс орталығында студенттік жол жүру билеттерін сату басталады. Құны – 6 мың теңге, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Биылғы жылы күндізгі бөлімде оқитын студенттер үшін жол жүру билетінің бағасы өзгессіз қалады, яғни 6 мың теңге. Ал қарапайым жол жүру билетінің бағасы қазіргі уақытта 9 мың теңге екенін естеріңізге саламыз.


– Студенттер жеңілдетілген жол жүру билеттерін әдеттегідей жоғары оқу орындары мен колледждерден тек студенттік билетін ұсынғаннан кейін ғана ала алады. Егер қандай да бір себеппен жол жүру ақысын уақытында ала алмаған шәкірттер оқу орнының әкімшілігіне хабарласып, сатып аласа болады алады, – дейді қалалық жастар орталығының директоры Ринад Ахметжанов.


Оның айтуынша, студенттердің жеңілдікпен жол жүруі үшін Өскемен әкімдігі биылғы жылы 28 миллион теңге бөлген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив