Қазақстан «Серпін» бағдарламасын іске асыру жұмысын күшейтуге ниетті
Әлеуметтік жобаның мақсаты еліміздің оңтүстік өңірлерінен келген жастарды оқытып, кадр жетіспеушілігі байқалып отырған Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс аймақтарына жұмысқа орналастыруға бағытталған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Серпін» бағдарламасын жүзеге асырудағы негізгі мәселе жауаптылардың нақты, адрестік жұмысының жоқтығында. Жобада қамтылатын жастар анықталғанымен, аймақтардағы жұмыс берушілерге нақты қандай мамандықты меңгерген кадрлар қажет екені нақтыланбаған.
Республикалық «Серпін» бағдарламасының жобалық кеңесіне ҚР Парламентінің депутаты Мұрат Әбенов, ал өңірлік офистерге облыс және Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары жетекшілік етеді.