Биыл жедел жәрдем жүргізушілерінің жалақысы көтерілуі мүмкін
Биылдан бастап елімізде жедел жәрдем жүргізушілерінің жалақысы көтерілуі мүмкін.
Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем жүргізушілерінің жалақысын көтеруге қатысты Үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Жоба ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ведомствоның атап өтуінше, алғашқы көмекті уәкілетті орган белгілеген тәртіппен медициналық білімі жоқ адамдар да көрсете алатын көрінеді.
Медициналық білімі жоқ адамдарды алғашқы көмек көрсету дағдыларына даярлау 3 жылда бір рет кезеңмен жүргізіледі.
Міндетті түрде алғашқы көмек курстарынан өтуге жататын медициналық білімі жоқ адамдардың контингентіне медициналық білімі жоқ денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері, оның ішінде жедел жәрдем жүргізушілері де кіреді.
Қаулы 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.