KZ
Өскемен
-1°
небольшой снег жел 6 м/с, Ю
493.85 519.04 4.97

Семейдің дәрігерлері емделушілерден де көп жарақат алады

26.04.2019, 03:42 202

Қызметкерлері көп жарақат алатын өндіріс орындарының тізіміне Семейдің жедел жәрдем ауруханасы кірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Иә, жарақат алғандарға алғашқы көмек көрсететін мамандардың өзінің өмірлері де қыл үстінде.

– Жедел жәрдем көлігі басқа көлік жүргізушілерінің қателігінен апатқа түсіп жатады. Яғни, көліктер жедел жәрдемге жол бермейді. Биылдың өзінде осындай екі оқиға тіркелді. Біз мұндай жағдайда арнайы комиссия құрып, істі егжей-тегжей тексереміз, – дейді Семей аймақтық еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің жетекшісі Тоқтарбек Түсіпов.

Мұндай мысалдар көп. Біреуіне тоқталсақ, былтыр мас жүргізушінің кесірінен Жедел жәрдем көлігінің тізгіншісі, екі дәрігер және тәжірибеден өтуші жас – 4 адам бірдей жарақат алған еді.

Тоқтарбек Түсіповтің сөзінше, кейбір жарақат алған адамдардың оқыс әрекеттері де дәрігерлердің жарақаттануына әкеліп соғып жатады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу