KZ
Өскемен
-6°
туман жел 2 м/с, ОШ
530.12 546.08 5.17

ШҚО әкімі Мемлекет басшысының қабылдауында болды

14.03.2023, 09:33 484 Ләззат Қанатқызы

Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Даниал Ахметовты қабылдады.

Аймақ басшысы 2022 жылғы негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жөнінде есеп беріп, алдағы жылдарға арналған жоспарын баяндады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі akorda.kz сайтына сілтеме жасап.

ШҚО әкімі Президентке 2022-2028 жылдарға арналған Бірыңғай индустрияландыру картасына Шығыс Қазақстан облысы жалпы құны 376 миллиард теңгені құрайтын 12 жоба ұсынғаны жөнінде айтты.  Соның ішінде Ұлан ауданында тау-кен байыту фабрикасының құрылысын бастау, Алтай ауданында Алтай тау-кен байыту кешенінің өндірістік алаңын кеңейту жобалары бар.

Өңір басшысы агроөнеркәсіп кешенін дамытуға айрықша көңіл бөлінетінін жеткізді.  Облыста майлы дақылдардың егістік ауданы ұлғайып, өсімдік майын өндеу көлемі 1,8 есе артқан. Глубокое ауданында жылына 300 мың тонна  өсімдік майын өндіретін зауыт іске қосылды.

Сонымен қатар Президентке  облыстағы денсаулық сақтау және білім беру нысандары құрылысының барысы туралы баяндады. Қазір Өскемен қаласында гематология орталығы, Риддер қаласында көпбейінді аурухана салынып жатыр. «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында Ұлан ауданында бір ауысымда 140 пациент қабылдай алатын емхана, ауылдық елді мекендерде 20 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланған. Ал «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша өңірде биыл 11 мектеп пайдалануға берілмек.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Даниал Ахметовке облыстағы ірі елді мекендердің коммуналдық  инфрақұрылымын жаңғыртуға және өңір халқының тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу