Шекара бекетінде есірткі тәркіленді – ШҚО
Фото: ШҚО ПД
Шемонаиха ауданының полиция қызметкерлері ресейлік азаматтан есірткі тәркіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Тәртіп сақшылары «Убе-Авто» бекетінде 48 жастағы РФ азаматының көлігін тінтіп, жүксалғыштағы рюкзактан спецификалық иісі бар жасыл түсті зат тәркілеген.
Сараптамадан кейін тәркіленген заттың кептірілген марихуана екенін белгілі болды.
«Салмағы – 2,54 грамм. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық кодекстің бабына сәйкес айыпталушы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылады», - деп мәлімдеді полиция.
Оқи отырыңыз