KZ
Өскемен
-6°
небольшой снег жел 5 м/с, ОШ
518.14 537.57 5.27

Ауылшаруашылығы министрлігі жылыжайларды субсидиялай бастады

2.12.2023, 17:44 177 Назерке Каримова
Ауылшаруашылығы министрлігі жабық топырақта көкөніс өсірудің табыстылығын арттыру арттыру мақсатында басым дақылдар шегінде өсімдік шаруашылығын субсидиялау қағидаларына тиісті өзгерістер енгізді,

Түзетулер маусымаралық кезеңде субсидиялау мөлшерлемелері бойынша 1 гектарға шығындарды (электр энергиясы, газ, көмір үшін) субсидиялауды көздейді, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

АШМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, басым дақылдардың тізбесін және субсидиялау нормативтерін жергілікті атқарушы органдар бекітуі тиіс. Бүгінгі таңда Түркістан облысы мен Шымкент әкімдіктері өнеркәсіптік және фермерлік жылыжайлар үшін ағымдағы жылға арналған субсидиялардың көлемі мен нормативтерін бекітті.

ЖАО қабылдаған нормативтер субсидиялаудың бiрыңғай мемлекеттiк ақпараттық жүйесiнiң (СБМАЖ) базасына енгізілді. Өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 20 желтоқсанына дейін ашық.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу