KZ
Өскемен
-11°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
524.02 545.19 5.09

Өскеменде Аяз ата резиденциясы ашылады   

5.12.2023, 15:27 140

Жуықта Өскемендегі Сол жағалау саябағында Аяз ата резиденциясы ашылады, деп хабарлайды  Altaynews.kz тілшісі.            

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорық әкімшілігінің ақпараты бойынша, биыл қыста саябақ аумағында тамаша өзгерістер болады.


Музей-қорықтың директоры Арсен Теннің айтуынша, бұрын коньки жалға берілетін ғимарат биыл Аяз атаның резиденциясы болып ашылады. Онда балалар жаңа жыл мерекесінің басты қонағы – Аяз атамен әңгімелесіп, құттықтау хаттарын арнайы жәшіктерге сала алады. Сондай-ақ, резиденцияда мерекелік сауда орындары жұмыс істейді.


Ал конькилерді жалға беретін пункт саябаққа кіреберістегі визит-хол ғимимаратында орналасады. Сол жерде ашылатын кофеханада отырып, өңірдегі немесе қаладағы туристік маршруттар жайлы ақпарат алуға болады.

«Енді демалушылар саябақта тек конькимен ғана емес, сондай-ақ шаңғы теуіп,  жегілген иттермен, атшанамен де серуендей алады. Демалыс аумағында биік сырғанақтар жасалып, ұзындығы 800 метрге жуық жолдары бар мұз айдыны құйылады»,-дейді Арсен Тен.

Жаңа демалыс орнының салтанатты ашылуы 22-23 желтоқсан күндеріне жоспарланып отыр.

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу