"Қауіпсіз шырша" байқауы қорытындыланды
Өңір көлемінде «Қауіпсіз шырша» деп аталатын байқау өтті. Қатысушылар ереже бойынша шыршаны қауіпсіз етіп сәндеудің әдіс-тәсілдерін көрсетіп құтқарушыларға бейнежазба жолдаған.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті іс-шараны қорытындылады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов байқауға қатысушылар көп болғанын атап өтті. Бірінші орынды облыс орталығында тұратын Сиониндер отбасы жеңіп алды. Екінші орынға Анна Белялева, үшінші орынға Ұлан ауданының Пролетар негізгі мектебінің оқушылары – Жасмин Антошева, Сұңғат Талғатов, Владимир Нигметов, Мадина Антошева лайық болды.
ТЖД бастығы Ерғали Бахаев жеңімпаздарға мадақтама және естелік сыйлық табыстады.