KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
488.26 530.54 5.03

Жол апаты болғанда сақтандыруды ресімдеудің жеңіл тәсілі шықты

фото: polisia.kz

8.01.2024, 09:02 215 Оразай Жеңісұлы

Бұдан былай ұсақ-түйек жол оқиғасына тап болған жүргізушілер полиция мен сотқа жүгінбей-ақ, жеңілдетілген тәртіпте сақтандыруды ресімдей алады. Мемлекет «Еурохаттама» деп аталатын арнайы мобильді қосымшасын әзірледі.

Қосымшаның көмегімен жүргізушілер өздері жол-көлік оқиғасы фактісін тіркеп, сақтандыру компанияларына материалдық залалды өтеуге өтінім береді,  деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

«Еурохаттама» арқылы жол-көлік оқиғаларын ресімдеудің міндетті үш шарты бар:

1) Жол-көлік оқиғасына екі көлік құралы ғана қатысқан кезде;

2) Жүргізушілердің қолданыстағы сақтандыруы болуы қажет. Сондай-ақ кім кінәлі, ал кім зардап шегуші екенінде келіспеушіліктер болмаған кезде;

3) Апат салдарынан денсаулыққа залал келтірілмесе, ал көлікке келтірілген шығын сомасы 100 айлық есептік көрсеткіштен аспаса, ол 369 мың теңге.

– Осындай тәртіпте жол-көлік оқиғасын ресімдеу үшін мобильді телефонға “Еурохаттама” қосымшасын қосып алып, тіркелу рәсімін жүргізіп, оқиғаның фото және бейнематериалдарын салу керек. Қосымшаны тиімді пайдалану мақсатында жол-көлік оқиғасының қатысушылары жақын жердегі полиция нарядына жүгіне алады, олар оны пайдалану кезінде көмек көрсетеді. «Еурохаттаманың» артықшылығы неде? Біріншіден, азаматтар ұсақ жол-көлік оқиғаларын ресімдеу үшін полицияны күтпейді, осылайша жолдардағы кептеліс жағдайлары төмендейді. Екіншіден, жеңілдетілген тәртіппен тіркелген жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Үшіншіден, сақтандыру төлемдерінің мерзімі қысқарады. Егер бұрын осының бәрі 30-дан 90 күнге дейін уақытты алса, қазір хаттама тіркеу сәтінен бастап төлемді алуға шамамен бес күн кетеді. Жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын сақтауға және жол-көлік оқиғаларын болдырмауға шақырамыз, – деп түсіндірді полиция өкілдері.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив