KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 1,6 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Еврохаттама: ЖКО ресімдеудің жеңілдетілген рәсімі

3.01.2024, 18:02 132 Ләззат Қанатқызы

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын жол-көлік оқиғаларын "оңайлатылған ресімдеуді" енгізу аясында жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін "Еврохаттама"мобильдік қосымшасы енгізілді.
Енді, егер ЖКО - ға тек екі автокөлік қатысса және оларға 369 мың теңгеден аспайтын материалдық залал келтірілсе, ресімдеу үшін полиция шақырудың қажеті жоқ.
Мобильді қосымшаның көмегімен жүргізушілер зақымдалған бөлшектерді суретке түсіріп, актіні толтыру арқылы зиянды өтеу туралы өтінішті дереу сақтандыру компанияларына жібере алады.
Артықшылықтары:
Біріншіден, азаматтарға ұсақ ЖКО ресімдеу үшін кептелісте полицияны күтудің қажеті жоқ, тиісінше жолдардағы кептеліс жағдайлары азаяды.
Екіншіден, мұндай бұзушылықтар үшін жүргізушілер енді әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Бұған дейін жыл сайын материалдық шығынға ұшыраған ЖКО бойынша 120 мыңға жуық жүргізушіге айыппұл салынған немесе сот арқылы жүргізу құқықтарынан айырылған.
Үшіншіден, сот рәсімдерін болдырмау есебінен, хаттама жасаудан бастап сот қаулысы күшіне енгенге дейін сақтандыру төлемдерінің мерзімдері қысқартылады. Егер бұрын мұның бәрі 60 күнге дейін созылуы мүмкін болса, қазір тіркелген сәттен бастап төлемдерді алғанға дейін шамамен 5 күн өтеді.
Төртіншіден, ЖКО-ға қызмет көрсету бойынша полиция нарядтарының саны қысқарады. Сәйкесінше барлық күш- құралдар құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Күн сайын 350-ге жуық полиция жасағы босатылады.
"Еуропалық хаттаманы" енгізу – бұл полиция мен халықтың өзара іс-қимылын бюрократизациялаудың тағы бір қадамы.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив