KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
488.45 529.19 5.04

Барқытбелден табылған бағалы жәдігер

9.01.2024, 16:15 151 Оразай Жеңісұлы

Бірнеше жыл бұрын Тарбағатай ауданының аумағынан көнеден сыр шертетін тарихи кешеннің орны табылған еді. Сондағы Көктүрік қағанатының мәдениетінен сыр шертетін жәдігерлер Түркияда ұйымдастырылған халықаралық көрмеде жоғары бағаланған. Бұл жөнінде белгілі профессор Зейнолла Самашевтың өзі айтты. Жақында «Heritage Daily» деп аталатын шетелдік басылым бұл тақырыпты және бір қозғаған екен.

Профессор Зейнолла Самашев біріккен Көктүрік қағанаты (б.з VI-VIII ғ) екіге бөлінгенде Батыс Түркістан жерінде Ұлы Түрік қағанаты құрылғанын айтады.

«Бұл саяси одаққа дала тайпалары ғана емес, соғды және хорезм өлкелерінің отырықшы қауымдары да кірген. Бұл Батыстағы Көктүрік мемлекеті мәдениеті мен әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан өте бай мемлекет болғанын көрсеті», - дейді ғалым.

Зерттеушілердің пікірінше, бұл орын Моңғолиядан тыс жерде табылған Түрік қағанаты культ кешенінің алғашқы үлгісі. Сондай-ақ бұл жаңалық батыс көктүрік халқының исламға дейінгі түркі өнері мен мәдени тәжірибесі туралы жаңа түсініктерден хабар береді.

Кешен батыс көктүрік хандарының бірінің құрметіне салынса керек. Археологтар мұнда үлкен кесене, ғибадатхана, салтанатты жол, ондаған шағын және орта қорғандар, басқа да құрылыстар болғанын айтады. Сонымен қатар бұл жерде Көктүрік қағаны немесе Жабғудың тәж бен тостаған ұстап тақта отырғаны бейнеленген гранит мүсін бар.

Профессор Самашев табылған олжаның түркі халықтарымен байланысты әдеби мұра ретіндегі маңызы зор екенін айтады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив