KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Оксфорд студенттері қазақ тілін оқиды

Фото: NU баспасөз қызметі

26.01.2024, 16:15 88

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Оксфорд университеті арасында университетте қазақ тілін оқыту туралы өзара ынтымақтастық келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Informburo.kz сілтеме жасап.

Ғылым және жоғары білім министрі мен Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының басшыларынан құралған қазақстандық делегация әлемдегі ең беделді университке ат басын тіреді.

«Ұлыбританияның оқу орнына арнайы барған делегация өкілдеріне Оксфорд Бодлиан кітапханасының Қазақстанға қатысты эксклюзивті көне қолжазбалары көрсетілді. Сонымен қатар университетте экскурсия өтіп, тарихы таныстырылды. Бұдан әрі министр Саясат Нұрбек британдықтарға Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен даярланған Oxford Qazaq сөздігінің алғашқы басылымын таныстырды», – деді Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив