ҰБТ-2024: қандай өзгерістер бар?
Фото: alau.kz
ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады.
2024 жылғы талапкерлер тестілеуді үш міндетті пән және таңдаған екі пән бойынша тапсырады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Маңызды өзгеріс міндетті «Оқу сауаттылығы» және «Математикалық сауаттылық» пәндері бойынша тапсырмалар санын бес сұраққа қысқартуға қатысты.
Бұл бейіндік пәндер бойынша сұрақтар санын 40-қа дейін арттыруға мүмкіндік берген.
Сонымен қатар бейіндік пәндерде тізімнен таңдау сәйкестігіне бес тапсырма қосылды. Бұл өзгерістер тест тапсырмаларының сапасын және олардың функционалдық сауаттылық пен сыни ойлау дағдыларын бағалаудың әлемдік стандарттарына сәйкестігін арттыруға бағытталған.
Тестілеу уақыты - 4 сағат. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қосымша уақыт 40 минут беріледі.
Айжанат Бақытқызы