KZ
Өскемен
-22°
пасмурно жел 1 м/с, Ю
522.42 543.89 5.28

Бозанбайда үйлер қар астында қалды

15.02.2024, 16:11 323 Қызырбек Дүргінбайұлы

Соңғы бір апта жауған қар жалпақ жұртты әбігерге салды. Еліміздің көптеген өңірлерінде жолдар жабылып, оқу онлайнға көшті. Ал бұған дейін ШҚО-ның Марқакөл өңірінде 2 метрден астам қар жауып, табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған болатын.

Бұл жолы жаппай жауған қардың кесірінен облыстың көптеген өңірлерінде жолдар жабылды. Қалаға жақын Бозанбай ауылында да қарлы боран бұрқап тұрған көрінеді. Тұрғындардың әлеуметтік желіге жүктеген видеосында ауыл тұрғындарының есіктерін әрең ашып, қарды тесіп сыртқа шыққанын көруге болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бейнежазбада қардың шектен тыс жауғаны байқалады. Алайда бұл желдің өтінде орналасқан кейбір үйлерде болған жағдай көрінеді. Десе де ауыл ішінде қар көп екендігін айтады ауыл тұрғындары.

– Бозанбай бөрісырғақты боз далада орналасқан ауыл ғой. Жиі-жиі боран соғып тұратындықтан үйлерді айналдыра қар үйіп тастайтыны бар. Қалай болғанда да биыл жауған қардың көлемі көп, – дейді ауыл тұрғыны.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу