KZ
Өскемен
-22°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
522.42 543.89 5.28

Өскеменде құстар қырылып жатыр ма? Ғалым дабыл қақты

сурет: depositphotos.com

21.02.2024, 15:46 233 Оразай Жеңісұлы

Шығыс өңірінің жұртшылығын қолайсыз күн райы біршама әуре-сарсаңға салып қойды. Қаһарына мінген Алтайдың аязы тіршілік атаулыны тығырыққа тірегендей. Осы тұста орнитолог ғалым құстарға да көмек қажет деп дабыл қақты. Облыс орталығында тұратын Борис Щербаковтың айтуынша, аязды күні қанаттылар аштан қырылып қалуы мүмкін, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Ақпан айы – жан-жануар үшін ең бір қысылтаяң мезет. Бұл айда қар қалыңдап, аяз күшейіп, жел үдей түседі. Ой-қырдағы аң-құс атаулы бір түйір азық таппай әуреге түседі. Құстар – біздің досымыз. Олар тіршілікке сән береді. Сондықтан адамның әніне де айналған. Мәселен, қазақ халқында «Қараторғай» деген тамаша ән бар... Дәл қазір біз сол достарымызға көмек қолын созуымыз керек. Енді бір он шақты күнде аяздың да беті қайтар. Бүгін екі адам қоңырау шалып, аулада құстар өліп жатқанын айтты. Сондықтан тұрғындарға үндеу жасағым келеді. Әрбір аулада жемсауыт жасамасақ та, соқпақ жолдарға дән шашып қоюға болады. Құстар шашылған жемді қашан да тауып жейді. Бұл іске мектептерді де жұмылдыруға болатын шығар. Әрбір тұрғын қолдан келген көмегін жасаса, – дейді ғалым.

Орнитологтың айтуынша, құстарды аман алып қалу арқылы табиғаттағы тепе-теңдік үрдісін сақтап қаламыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу