Қазақстандық дизельді-электр локомотивтері Моңғолияға жеткізіле бастады
instagram/ao_lkz
Енді Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Молдова, Әзірбайжан және Түрікменстан елдерінен тапсырыс түсіп жатыр.
Өткен жылы отандық теміржол өнімдерінің экспорты кеңейіп, Қазақстанда өндірілген дизельді-электр локомотивтерінің алғашқы 4 данасы Моңғолияға жеткізілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ақпаратына сүйеніп.
Аталмыш локомотивтердің әрқайсысының құны 4 миллион доллардан асады.
Бүгінгі күні отандық локомотивтерге Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Молдова, Әзірбайжан және Түрікменстан елдерінен тапсырыстар келіп түсуде.
Айта кетерлігі, елордада орналасқан «Электровоз құрастыру зауыты» кәсіпорны теміржол нарығын 2010 жылдан бастап игере бастады. Зауыт толық циклді локомотивтер шығарады және Орталық Азияның нарығында жетекші рөл атқарады.