KZ
Өскемен
-30°
туман жел 1 м/с, СБ
449.88 486.64 4.83

"Ештеңе түсінбейсіздер". Жаңа министр шенеуніктер декларациясы туралы айтты

Фото: t.me/KZgovernment

13.02.2024, 14:42 34 Оразай Жеңісұлы

Жақында ғана тағайындалған Қаржы министрлігінің жаңа басшысы Мәди Такиев журналистердің өз декларациясын көпшілік алдында көрсету туралы сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Үкімет брифингі барысында Такиевке журналистер Ерұлан Жамаубаев көрсетуге уәде бергенімен, декларациясын көрсетпегені туралы айтты.

"Қаржы министрлігінің жаңа басшысы ретінде өз декларацияңызды жария етесіз бе? Шенеуніктер декларациясы жария болуы керек пе деген сұраққа қатысты ұстанымыңыз?" - деп сұрады журналистер.

Мәди Такиевтің айтуынша, шенеуніктер декларациясы жария болады.

"Заңда жазылған, 2025 жылдан бастап олардың барлығы жарияланады. Менің декларацияма келетін болсақ, мен оны жариялай аламын, әрине, бірақ одан ештеңе түсінбейсіздер. Өйткені бізде тіркелген мүлікті көрсетудің қажеті жоқ, өйткені ол мемлекеттік ресурстардан "тартылған", - деп жауап берді Такиев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив