KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 2 м/с, В
480.55 533.75 5.36

Елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті

Фото: zakon.kz

2.04.2024, 21:34 152 Айжанат Бақытқызы

Елімізде тағы да ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, наурыз айында бұл көрсеткіш 48 692 теңге болған, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

Мамандардың есебінше, қазақстандықтар азық-түлікке – 26 781 теңге, ал басқа да тауарлар мен ақылы қызметтерге – 21 911 теңге жұмсауы керек.

Теория жүзінде бұл ақшаға бір айға жететін азық-түлік себетіне кіретін өнімдерді сатып алуға болады. Ең төменге күнкөріс деңгейінің көлемі бойынша Маңғыстау облысы көш бастап тұр.

Бұл өңірде ол – 59 404 теңгеге жеткен. Ал, ең төменгі көрсеткіш Ақтөбе облысында тіркеліп, 43 611 теңгені көрсетіп отыр.

Ал минималды қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін Астанада – 53 173 теңге, Алматыда – 51 615 теңге, Шымкентте 48 545 теңге керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив