Мамырда қатарынан үш күндік демалыс беріледі
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметік қорғау министрлігі
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Ашық НҚА» порталында ведомство басшысының «2024 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы» бұйрығының жобасын жариялады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Құжат демалыс күнін 4 мамыр сенбіден осы жылғы 8 мамыр сәрсенбіге ауыстыруды көздейді. Осылайша, мамыр мерекелерінде қазақстандықтар үш күн қатарынан, яғни 7, 8 және 9 мамырда демалады.
Демалыс күнін ауыстыру туралы ұсыныс Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді. Мереке күндері, сондай-ақ демалыс күндері жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында еңбек жөніндегі уәкілетті орган демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.