«Отау» бағдарламасымен 8 мың қазақстандық баспаналы болды
Фото: depositphotos.com
«Отау» ипотекалық бағдарламасы арқылы баспаналы болатын қазақстандықтардың есімі жарияланады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Отбасы банктің басқарма төрағасы Ляззат Ибрагимова мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
«Сіздерге жағымды жаңалықпен келдік. Дәл қазір 8 мың қазақстандық «Отау» бағдарламасы арқылы өткені жайлы SMS-хабарлама алады. Біз мұны алдын ала 5 күн бұрын әзірлеп отырмыз. Бастысы – ашықтық. Сайтта барлық 25 мың өтініш берушінің аты-жөні жарияланады. Барлығы өзінің ұпайларын көреді. 8 мың жеңімпаздың есімін де барлығы біле алады», - деді Ляззат Ибрагимова.
Отбасы банктің басшысы «Наурыз» бағдарламасында да осындай тәсіл қолданылатынын айтты.
Оқи отырыңыз