Қазақстанда 57 жыл бұрынғы рекорд жаңарды
Фото: iStock
Қазақстанда 57 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, биылғы сәуір метеорологиялық бақылаулар тарихында Солтүстік жарты шардың көптеген елдеріндегі ең жылы айлардың бірі ретінде тіркелді. Оның ішінде Қазақстан да бар. Республиканың басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы әдеттегіден 1-6 градусқа жоғары болды.
Бір ай ішінде ауа температурасы бойынша рекордтар тіркелді: 19 сәуірде Ақтау метеорологиялық станциясында абсолюттік максимум +30,1 градус болды, осылайша 2014 жылғы рекорд жаңарды (+25,0 градус), Көкшетау МС +26,3 градусқа дейінгі жылу тіркеліп, 2020 жылғы абсолют максимумнан (+24,2 градус) асты, Қостанай МС ауаның максимал температурасы +29,3 градус тіркелді, бұл 1982 жылғы рекордтан жоғары болды (+27,2 градус), Петропавл МС термометр бағанасы +28,0 градусқа жетіп, 1982 жылғы рекордты (+25,0 градус) алмастырды.