KZ
Өскемен
-7°
небольшой снег жел 2 м/с, З
519.28 540.05 5.31

Мектептерде қазақ тілінен жаңа емтихан басталды

Фото: depositphotos.com

27.05.2024, 17:07 118 Айжанат Бақытқызы

Мектептерде осы жылы енгізілген қазақ тілінен емтихан тапсыру кезеңі басталды. Ол 31 мамырға дейін жалғасады, емтиханды тапсырудың нақты күнін оқу орындары өзі белгілейді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Емтиханды 5-8 және 10 сынып оқушылары тапсырады. Ол екі бөліктен тұрады: жазбаша және ауызша.

Оқушылар эссе жазумен қатар оқу, тыңдау және сөйлеу дағдыларын көрсетуі керек. Емтихан  ТЖБ (тоқсандық жиынтық бағалау) форматына ұқсас болады.

Емтиханның максималды нәтижесі-30 балл. Бағалау келесі көрсеткіш бойынша қойылады:

  • 0-11 балл – төмен, оқушы емтиханды қайта тапсырады;
  • 12-18 балл – орташа көрсеткіш («3»);
  • 19-24 балл – жақсы көрсеткіш («4»);
  • 25-30 балл – өте жақсы көрсеткіш («5»).

 «Емтихан - бұл қазақ тілін оқыту сапасын жақсарту бағытындағы шара, ол оқушылардың құқықтарына нұқсан келтірмеуі және келесі сыныпқа өтуге кедергі болмауы тиіс»,- деп атап өтті Ғани Бейсембаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу