KZ
Өскемен
+27°
небольшая облачность жел 4 м/с, СШ
474.83 515.38 5.5

Сепаратистік әрекетті насихаттаған екі азамат сотталды

Фото: pricom.kz

11.06.2024, 17:39 90 Айжанат Бақытқызы

Өскемен қалалық №2 сотының шешімімен Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғыны ұлттық және әлеуметтік араздықты қоздыратын жарияланымдар мен үгіт-насихаттары үшін сотталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, тергеу барысында аталмыш азаматтар биылғы ақпанда интернет-ресурстарды (чат-рулетка) пайдаланып, Шығыс Қазақстан облысын Қазақстан Республикасынан бөлу мақсатында референдум өткізу қажеттігі туралы сенімдері мен идеяларын білдіргені белгілі болды.

Референдумда оң нәтижеге қол жеткізілмеген жағдайда облысты күштеп басып алуды насихаттады.

Айыпталушылар өз кінәсын толық мойындап, өкінетіндерін айтты.

Мемлекеттік айыптаушы сотта олардың әрқайсына 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын белгілеуді сұрады.

«Заңды күшіне енген сот үкімімен жоғарыда аталған тұлғалар 5 жылға бас бостандығынан айырылды», – деп хабарлады облыс прокуратурасы.

Мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұтастығын қамтамасыз ету мәселелері құқық қорғау және арнайы органдардың ерекше бақылауында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив