KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 1 м/с, С
480.11 532.25 5.14

Онлайн құрбан шалуға арналған сайт іске қосылды

Скриншот сайттан жасалған

11.06.2024, 20:20 103 Қызырбек Дүргінбайұлы

Қала тұрғындарына оңтайлы болу үшін онлайн құрбан шалуға арналға сайт іске қосылды. Енді аталған платформа арқылы құрбан шалуға кез келген уақытта тапсырыс беруге болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл да офлайн және онлайн құрбан шалуға болатындығын хабарлап, арнайы сайтта тапсырыс беру барысын нақты түсіндіріп, көрсеткен.

– Онлайн түрде құрбан шаламын деушілер құрбандық малын таңдап, ақшаны Kaspi QR арқылы аудара алады. Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйені бір немесе жеті адам бірігіп шалса болады. Тапсырысыңыз сәтті өтсе ұялы телефоныңызға SMS хабарлама келеді, – деп жазылған діни басқарманың хабарламасында.

Құрбандық шалынғаннан кейін оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен нөмірге жіберіледі. Сайтта белгіленген баға бойынша, қойдың құны – 75 мың теңге, ірі қараның құны – 490 мың теңге деп белгіленген.

Шығыс Қазақстан облыстық баспасөз хатшысының айтуынша, биыл қала тұрғындары үшін Атығай асуының маңы құрбан шалу орны болып белгіленген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив