KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОБ
486.65 524.46 5.05

Павел Дуров Қазақстанға шақырылды

Фото: .instagram.com/durov

18.06.2024, 22:12 101 Анель Слямғазықызы

"ВКонтакте" әлеуметтік желісі мен Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанға келуі мүмкін. Оны Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі шақырған, - деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Үкіметтің брифингінде Мәдиевке Павел Дуров жақында Қырғызстанға барғаны айтылды. Министрден біздің елдің кәсіпкермен ынтымақтасу жоспары бар-жоғы сұралды.

"Иә, мен оның Ыстықкөлге барғанын білемін. Мен оның командасын жеке білемін. Павел Дуровпен әлі таныс емеспін, бірақ, негізінен, олар менің шақыруым, әріптестерімнің шақыруы оған жеткізілді деп сендірді. Алдағы уақытта ол Қазақстанға келеді деп ойлаймын. Өз басым күш саламын, соған үміттенемін", - деп жауап берді Жаслан Мәдиев.

Шенеунік Қазақстан тарапының Павел Дуровпен талқылайтын нәрсесі бар екенін айтты.

"Telegram жоғары технологиялық компания екенін білеміз. Жақында олар блокчейн технологиялары, криптоиндустрия компанияларымен интеграциялау бойынша бірқатар бастамалар жариялады, блокчейн саласындағы қосымшаларға арналған платформаны іске қосады. Сондықтан, менің ойымша, талқылауға болатын көптеген жоғары технологиялық жобалар бар. Осымен жұмыс істейтін боламыз", - деп түйіндеді ЦДИАӨМ басшысы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив