KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями Штиль
476.27 515.47 5.41

ШҚО-да тұрғын үй құрылысын жеке инвестициялар есебінен ұлғайту көзделіп отыр

3.07.2024, 12:14 65 Ержан Әбіш

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл Шығыс Қазақстан тұрғын үйді пайдалануға беру көлемін 359,4 мың шаршы метрден 400 мың шаршы метрге дейін ұлғайтпақ, бұл 2023 жылға қарағанда 113%-ға артық. Бұл туралы облыс әкімдігінің мәжілісінде ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Дидар Кеңесбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Оның ішінде 75 мың шаршы метрді (19%) бюджет есебінен, ал 325 мың шаршы метрді (81%) жеке инвестициялар есебінен салу жоспарлануда.

– Бүгінгі таңда 747 мың м2 тұрғын үй салынуда, оның 605 мың м2 – көппәтерлі үйлер, ал 142 мың м2 – жеке тұрғын үйлер, – деді спикер.

Жыл қорытындысы бойынша 258 мың м2 көппәтерлі үй (жоспардан 64%) және 142 мың м2 жеке тұрғын үй (жоспардан 36%) іске қосылады деп күтілуде, бұл көрсеткішті орындауға мүмкіндік береді.

2024 жылдың бірінші жартысында 141 мың м2 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104%-ға көп немесе бір жылдағы тұрғын үйді пайдалануға берудің жалпы көлемінің 35%-ын құрайды. Екінші жартыжылдықта 259 мың м2 тұрғын үй пайдалануға беріледі, бұл – жалпы көлемнің 65%.

Сондай-ақ Дидар Кеңесбаев тұрғын үй құрылысына салынатын инвестициялардың көлемі 130 млрд теңгені құрайтынын, оның 85%-ы жеке инвестициялар екенін айтты.

Облыс әкімі Ермек Көшербаев халықты жалдамалы тұрғын үймен қамту туралы айта келе, тұрғын үй бағдарламасын іске асыру бойынша жұмысты өзгерту және халықтың әлеуметтік осал санаты үшін тұрғын үйді жекешелендіру мәселесін пысықтау қажеттігін айтты.

– Бұл ретте құр көрсеткіш үшін жұмыс атқару қажет емес, мәселені түбегейлі шешу қажет, – деп атап өтті өңір басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде облыстың 15 мыңға жуық тұрғыны баспанаға мұқтаж.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив