KZ
Өскемен
-3°
ясно жел 2 м/с, В
482.86 533.17 5.08

Өскеменде 39 тұрғын үй апаттық жағдайда

12.04.2018, 10:08 194

Облыс орталығындағы пәтер иелері кооперативтерінің жұмысына, тұрғын үй қорының жағдайына жауапты мекеме - қалалық тұрғын үй инспекциясы. 2015 жылы құрылған инспекция биылғы ақпаннан бастап Өскемен қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі болып қайта құрылып, инспекцияға мемлекеттік бағдарлама бойынша берілетін үйлерді бөлу мен тіркеу, есепке алу міндеттері қоса жүктеліп отыр.


Аталған бөлімнің басшысы Фархат Жилибаевтың айтуынша, Өскемендегі көппәтерлі тұрғын үйлердің 39-ы апаттық жағдайда тұр. Адам тұруға жарамайтын тозығы жеткен үйлердің дені «Қазцинк» кәсіпорнының өнеркәсіптік алаңы маңында, Аблакетка, Сол жағалау аудандарында. Ескі үйді паналап отырған 147 отбасы үй алу кезегіне тұрғанымен оның қашан келетіні белгісіз.


Биыл апатты жағдайдағы үйлер тұрғындарының бесеуінің ғана жаңа үйге қолы жететін көрінеді. Осылайша қауіпті үйде тұратындар жаңа пәтер алу үшін әлі 5-15 жыл күтуі керек.


- Қызылорда қаласында апаттық жағдайда тұратын тұрғындарды баспанамен қамту мәселесін шешудің тиімді жолдары табылып отыр. Біз де осы қаланың басшыларымен хабарласып, тәжірибесін зерттеп, қолға алуды ұйғарып отырмыз, -дейді Өскемен қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Фархат Жилибаев. -Қызылордада апатты жағдайдағы баспаналарда тұратындар үшін жаңа тұрғын үй салынып, қалалықтарға қауіп төндіріп келген апатты үйлердің бәрі бір мезетте сүріліп, жойылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив