KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Мозес әжейдің әлемі

сурет ашық дереккөзден алынды

27.07.2024, 23:02 141

Американың ең бір атақты суретшілерінің бірі – Мозес әжей. Ол мектепте оқымаған. Ешқандай да көркем сурет академиясын бітірмеген. Тіпті тәлім алар ұстаздары да болмаған. Бірақ 76 жасқа толғанда ол өзінің сүйікті ісімен айналысып, толағай табысқа жеткен.

Осы бір аты аңызға айналған әйел кішкене ғана фермада тірлік кешіпті. Жастайынан ауыр жұмысқа жегіліп, шаруамен айналысты. Кедей отбасында дүниеге келгендіктен 11 жасынан бастап ауқатты тұратын көршілеріне жалданып жұмыс істеді. Тұрмысқа да кеш шықты. Күйеуі де өте кедей еді. Ол да өзі секілді жалдамалы жұмысшы болатын. Мозестің барлық өмірі ауыр еңбек етумен өтті. Сиырларды сауу үшін оған таң атпай ояну керек болатын, содан кейін егін алқабына бет алатын. Балаларды тәрбиелеп, үй жинау, оларға ас әзірлеу де біраз уақытын алатын еді. Күндіз-түні еш тыным таппайтын. Өмір бойы ол тұрғындары аз шағын ғана поселокта тұрды. Ауыр жұмыс оның денсаулығын құртты. Ол тіпті жұмысқа да жарамай қалды. Бірақ, қимылдап, бірдеңе істеп үйреніп қалған Мозес жұмыссыз тағы да отыра алмады. Сөйтіп, тоқымамен айналысты. Десе де ол бұл кәсібін де тастауға мәжбүр болды. Өйткені, оның буындары сырқырап ауыратын еді. Ол 76 жасқа толғанда, оған қызы сурет салуға кеңес береді. Қалай сурет салуға болады? Мозес сурет салу өнерін ешқашан оқыған емес. Ешкім де оған бұл өнердің қыр-сырын үйретпеген. Десе де ол қолына қылқалам алып, сурет сала бастайды. Оның алғашқы картиналары жергілікті дәріханада ілініп тұратын. Бір күні дәріхананың жанынан өтіп бара жатқан инженер осынау әдемі картиналарға көңіл аударады. Живописьпен айналысатын ол картиналардың бірнешеуін сатып алып, өзінің галереясына қойып, достарына көрсетеді. Біртіндеп Мозес әжей Американың ең мықты суретшілерінің біріне айналады.

1940 жылдары Мозес әжейдің Еуропа мемлекеттері мен Жапонияда жеке шығармашылық көрмелері өте бастайды. 1941 жылы ол Нью-Йорк штатының мемлекеттік сыйлығына ие болады. 1949 жылы АҚШ Президенті Гарри Трумэн оған Американың Ұлттық әйелдер баспасөз-клубының сыйлығын табыс етеді. 1952 жылы оның автобиогррафиясы жарық көреді. 1960 жылы Мозес әжейдің 100 жылдық мерейтойына орай белгілі фоторепертор Корнелло Капоның түсірген фотосы «Лайф» журналында жарық көреді.

Мозес әжейдің картиналарында жәй ғана ауыл өмірі мен күнделікті тұрмыс бейнеленген. Көбінде онда көп фигуралар бар, біреулерге оның картиналары балалардың суретін еске салады. Мозес әжей қысқы мезгілді кенеп бетіне түсіруді ерекше ұнататын. Оның шығармашылығында жаздың көріністері өте аз. Мозес әжейдің жазғы пейзаждарының бірі «Ескі шұбар үй, 1862» деп аталады (1942 жылғы жұмыс). Автордан 110 долларға сатып алынған картина 2004 жылы Мемфис акционында 60 000 долларға сатылыпты.

Көпшілікті Мозес әжейдің картиналары ғана емес, оның тағдыры да ерекше қызықтырады. Ол қолына қылқаламды өте кеш ұстады. Шындығында бұл жастағы егде адамдар көбіне тағдырдан керемет сый да күтпейді ғой. Тыныш қана өмірімді сүрсем деп ойлайды. Ал Мозес әжей ештеңеге қарамастан өзінің жаңа өмірінің суретін сыза бастады. Оның туған күндері «Тайм», «Лайф» секілді журналдардың мұқабасына аталып өтті. Ал суретші әжейдің 100 жылдығы бүкіл Нью-Йорк штатының мерекесіне айналды десе де болады: губернатор Нельсон Рокфеллор 1960 жылдың 7-ші қыркүйегін «Мозес әжейдің күні» деп жарияласа, ал Президент Трумэн оны Ақ үйге шақырды. Эйзенхауэр әкімшілігі Президенттің үшінші инаугурациясына сыйлыққа беру үшін картинаға тапсырыс берді. Бір сыншы Анна Мари Мозестің картиналары туралы: «Оның картиналарының тартымдылығы американдықтардың бар екендігіне сенгісі келетін, бірақ шындығында жоқ өмір сүру стилінің бейнеленгендігінде» деп жазды.

1940 жылы қазанда «Galerie St. Etienne» галереясында Анна Мари Мозес әжейдің «Фермердің әйелі қандай сурет салады» атты жеке шығармашылық көрмесі ашылды. Бұл кезде екінші дүниежүзілік соғыс қырғи-қабақ соғысқа айналып бара жатқан еді. Америкаға өз идеясын насихаттайтын құрал ретінде өнер өте қажет болатын. Осындай кезде Мозес әжей алдыңғы қатардан табылды. Ол соғыс талқандаған Еуропада АҚШ-тың ақпараттық қызметі ұйымдастырған көшпелі көрмелерге қатысушылардың алғашқысы болды.

Кейінірек АҚШ-тың көркем сурет әлемінде жел басқа жақтан соға бастайды. Бұл кезде кәсіби суретшілер Мозес әжейге қызғанышпен қарай бастаған болатын. 40-шы жылдардың соңына қарай американдық арт-нарығының «халық өнеріне» деген қызығушылығы түгесіле бастайды.

ХХІ ғасырдың соңында Мозес әжейдің есімі ел есінен шығып, ұмытыла бастағандай да еді. Қарт суретші өз өмірін тыныш қана сүріп жатқан болатын. Десе де сурет салу оның күнделікті әдетіне айналып еді. Мозес әжейді көркем сурет әлемі сыншыларының пікірі аз қызықтыратын. Баспасөз бен саясаткерлердің қолдап-қолпаштауы, мадақтауы да оған қуаныш сыйлағаннан гөрі көбіне жалықтырып жіберетін еді. Кейде Мозес әжей өзіне ыстық мекенін тастап адамы көп, шулы Нью-Йоркке кетіп қалатын еді. Тіпті оның суреттері миллиондаған откырткалар мен маркаларға, плакаттарға салынып, ақша көзіне айналып жатқаны да оны көп елең еткізбейтін. Мозес әжейге біреуге қуаныш сыйлаған ғана шын ләззат сыйлайтын еді.

«Мен өз өміріме күндізгі жұмысымды бітіргендей ғана қараймын. Және ол жұмыстың қалай орындалғанына көңілім толады. Өмір біз қалай сүрсек, солай. Әрқашан солай болған және солай болып қалады» дейді Мозес әжей.

Мозес әжей 101 жасқа қараған шағында дүниеден өтеді. Ол 1600-ден астам картиналар мен иллюстарциялар салып, мұраға қалдырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив