KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 3,3 м/с, ОШ
443.37 474.49 4.83

ШҚО-да автоматтандырылған қоқыс сұрыптау кешенін ойлап тапты

Фото: С.Аманжолов атындағы ШҚУ баспасөз қызметі

28.12.2022, 21:02 453 Мадина Амангелдіқызы

С. Аманжолов атындағы ШҚУ магистранты автоматтандырылған қоқыс сұрыптау кешенін ойлап тапты.

Жоба бойынша кешен күн және жел энергиясынан қуат алады. Оған қоса, арнайы QR-код орнатылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Информатика» мамандығының 2-курс білім алушысы Дәулетбек Ағзам қытайлық жоба негізіндегі арнайы құрылғыны ойластырды. Оның айтуынша, тұрғындар қоқысты жай ғана тастамай, ол үшін ақша да алады. Яғни, әр қоқыстың материалы, салмағына байланысты есепшотқа қаржы түседі. QR-код қоқыс тастаушыға төлем қызметін атқарады. Пайда табу арқылы азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыру көзделген.

Магистранттың жобасы Өскемен қалалық әкімдігі ұсынған «Таза қала» жобасынан өзгеше. Дәулетбек Ағзам тамақ қалдықтары салынатын контейнерге арнайы желдету жүйесі бар салқындатқыш орнатпақ. Осылайша, жағымсыз иіс ауаға тарамайды. Кешен күн, жел мен жаңбырдан қуат алады.

Жас өнертапқыш қоқыс сұрыптау кешені жобасын бұдан әрі дамыту үшін Қытайға сапар жоспарлап отыр. Алайда оған жергілікті атқарушы органдардың қолдауы қажет екен.

Аталмыш жобаныңТүркиядағы EXPO халықаралық STEM–фестивалінде көпшілік назарына ұсынылып, салалық нарық сарапшыларынан жоғары баға алғанын айта кеткен жөн.

  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив