KZ
Өскемен
-13°
туман жел 1 м/с, С
530.24 543.97 5.16

Карантинге бағынбағандарға аямай айыппұл салып жатыр - Өскемен

27.11.2020, 12:15 134

 

        Өскемен қаласының аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша мониторингтік топ заңбұзушылықтарды күн сайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

         25 қарашадағы мониторингтік іс-шаралар барысында облыстың бас санитарлық дәрігері белгілеген шектеу режимін бұзудың 3 фактісі тіркелді.

         Қоғамдық орында медициналық маскасыз жүрген 2 тұрғынға және маскасыз жұмыс істеген «Royal Petrol» ЖҚС кассиріне қатысты хаттама толтырылып, одан әрі қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының назарына жіберілді.  

         Тағы бір тұрғынға қатысты материал Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.        

         Ал 26 қараша күні Өскемен қаласындағы 6 бірдей дүкеннің сатушылары мен клиентінен бетперде және арақашықтық режимін сақтамау бойынша заңбұзушылық анықталды.

Сонымен қатар, 26 қараша күні «Фараон» дүкенінің қызметкеріне карантин талаптарын сақтамағаны үшін 83340 теңге, ал қатаң шектеулерге қарамастан жиын-той өткізіп жатқан «Нажд» дәмханасының иесіне 319470 теңге айыппұл салынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу