Рейд: Өскеменде дүкен сатушылары маскасыз жүр
Өскемен қаласының мониторингтік топтары белгіленген шектеулерді сақтау тұрғысынан күнделікті рейдтік іс-шараларды жалғастыруда.
29 қаңтарда мониторингтік іс-шаралар барысында 246 объект қамтылды, облыстың бас санитарлық дәрігері белгілеген шектеу режимін бұзудың 11 фактісі (азық-түлік емес объектілер, сұлулық салондары, дәмханалар және қоғамдық көлік) тіркелді.
Сонымен қатар, бұрын анықталған бұзушылықтар бойынша айыппұл салынды, азық-түлік емес дүкендерде сатушылар медициналық маскасыз болды. Жоғарыда аталған бұзушылыққа салынған айыппұлдың жалпы сомасы 43 755 теңгені құрайды.
Барлық шағын және орта бизнес өкілдерін, сондай-ақ қала тұрғындарын ШҚО бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен белгіленген санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз.