KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, СБ
444.14 477.05 4.85

Тұрғындармен тікелей эфирде тілдесті – ШҚО

19.11.2020, 11:54 164

«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков пен облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Рамазанов инстаграм тікелей эфирінде аймақ тұрғындарымен тілдесті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Тікелей эфир барысында өңірдегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы түйткілдер туралы сөз қозғалды. Желі қолданушылары елді мекендердегі интернет, көшелерді жарықтандыру, ауыз су жеткізу және баспана мәселелеріне қатысты сұрақ жолдады. Солардың бірі:

– Мен Зайсан ауданындағы Қабанбай батыр көшесінде тұрамын. Неліктен біздің көшеде жарық аз? – деді.

Оған жауап ретінде Нұрлан Сағибекұлы:

– 2021 жылы «ШҚО қалалары мен аудандарында көшелерді жарықтандыруды жаңғырту» жобасын іске асыру шеңберінде Зайсан ауданында 694 көше шамын ауыстыру жоспарлануда. Жобаның негізгі міндеті – ескірген шамдарды жарықдиодты шамдарға ауыстыру. Сондай-ақ, облыс бойынша қалалар мен аудан орталықтарында 10 мың шамды ауыстыру, 7,8 мың тіректі, 215 км кабельді, 400 басқару шкафын қалпына келтіру және ауыстыру, бірыңғай диспетчерлік орталықтарды енгізу жоспарлануда. Мердігер ұйымды анықтау және келісімшарт жасасу 2020 жылдың желтоқсан айында жоспарланған. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2021 жылдың үшінші тоқсанында басталады, – деп жауап берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив