KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

«Nur Otan»-ның облыстық филиалы тікелей эфирде тұрғындар сауалына жауап берді

25.04.2020, 08:29 191

«Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы өңір тұрғындарының сұрақтарына жауап беру үшін арнайы тікелей эфирге шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков әлеуметтік желіде төтенше жағдайға байланысты  мемлекет және облыс әкімдігі тарапынан көрсетіліп жатқан көмектер туралы баяндап, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Көпшілік көбінесе әлеуметтік көмектерге қатысты сауалдар жолдады. 42 500 теңгені алу, «Birgemiz» қоғамдық қорынан берілетін 50 мың теңге көлеміндегі бір жолғы материалдық көмек, 15 мың теңгелік коммуналдық төлем ақы, «Біз біргеміз!» акциясы аясында азық-түліктердің үлестірілуі және 50 мың теңге материалдық көмек жөнінде толық жауап берілді.

Жалпы  «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз!» акциясымен облыс көлемінде  2115 отбасыға азық-түлік жеткізілген. «Birgemiz» қоғамдық қоры арқылы Өскемен және Семей қалаларының 12419 тұрғыны 50 мың теңгеден материалдық көмек берілді.

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты партияның облыстық филиалы тұрғындардың арыз шағымдарын онлайн қабылдап жатыр. 16 науырыздан 24 сәуірге дейін қабылдау бөліміне 1104 өтініш түсіп, 905  өтініш оң шешімін тапты. Қалған  100-ден астам өтініш бойынша тұрғындарға қажетті кеңес берілді. Аталмыш сауалдарға жауап беру мақсатында алдағы уақытта әлеуметтік желілерде тікелей эфир ұйымдастыру жоспарда бар.

Тікелей эфир кезінде әлеуметтік көмекке қол жеткізген тұрғындар өз ризашылығын білдіріп жатты.  Мәселен Елена Әрсен есімді желі қолданушысы «Birgemiz» қоғамдық қорынан 50 мың теңге көмек алғандығын айтып, алғысын білдірді.

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу