KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 5 м/с, В
480.55 533.75 5.36

Өскеменде Домбыра күні ұлықталды

3.07.2023, 09:35 1 923 Ләззат Қанатқызы

Өскемен қаласындағы «ADK River» сауда кешені мен Солжағалау кешенінде  (Этносаябақ) Ұлттық домбыра күніне арналған «Нағыз қазақ  домбыра» атты мерекелік концерті өтті.

ШҚО мәдениет басқармасының қолдауымен "Ертіс концерт" шығармашылық ұжымы ұйымдастырған шарада «Алтай» халық би ансамблі мен солистері, "Әнсалдар" дәстүрлі әншілер тобы және жергілікті өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салып, бағдарламаны "Балбырауын" күйімен аяқтады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

 

Барша шығысқазақстандықтарды бүгінгі Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймыз. Бүгінгі концертте біз қасиетті қара домбыраның үнін де күмбірлеттік, домбыраның сүйемелдеуімен қазақтың ұлттық биін де көрсеттік. Сондай-ақ домбырамыз жайлы әсем әндер орындалды. Біздің мақсатымыз  домбыра арқылы қазақтың ұлттық өнерін насихаттау,  деді "Ертіс концерт" мекемесі директорының концерттік қызмет бағытындағы орынбасарының міндетін атқарушы Альбина Мырзағалиқызы.

Сондай-ақ кеш соңында жиылған қауым да қазақтың қара домбырасын қолдарына алып, сыңғырлата ойнап жатты.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив