Баланың саусағы телефонның қабына қысылып, құтқарушылар көмекке келді
Өскеменде төтеншеліктерге қала тұрғынынан баласының саусағы ұялы телефонның қабындағы тесікке қысылып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Баланың анасы оқыс жағдайды өз бетінше шешуге тырысқан, бірақ онысынан түк шықпаған соң құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болды.
Оқиға орнына келген ШҚО ТЖД Мамандандырылған жасағының қызметкерлері арнайы құралдың көмегімен қапты "тістеп" тартып, баланың саусағын босатты.
ШҚО ТЖД мамандары ата-аналарға қырағылық танытып, балаларын мүлде жалғыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.
Оқи отырыңыз