KZ
Өскемен
-2°
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

8 айлық баланың саусағы ойыншыққа қыстырылып қалды - Өскемен

16.11.2021, 13:24 167

Өскеменде Қабанбай көшесінде 8 айлық баланың саусағы пластмасса ойыншығына қыстырылып қалған.

Ата-анасы баланың саусағын өз беттерінше алуға талпынғанмен, нәтиже шықпаған. Содан құтқарушылардан көмек сұрады.

- Мамандандырылған жасақ қызметкерлері тістеуіштің көмегімен абайлап баланың саусағын босатты. Бөбек «құтқару операциясын» дыбысын шығармай, төзімділікпен шыдап бақты, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

ШҚО ТЖД ата-аналарға жауапкершілік туралы ескертеді. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.
Төтенше жағдай кезінде 112-ге хабарласк керек.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив