Құтқарушылардың хикаясы: "электрик мысық", "сантехник кірпі"...
Құтқарушылар жұмысының қызығынан қиындығы басым екені белгілі. Алайда мұнда да ерекше оқиғалар аз емес.
Мәселен, 2022 жылы облыстық ТЖД қызметкерлері 22 мысық пен 60 итті қиын жағдайдан құтқарыпты, деп деп хабарлайды Altaynews.kz.
Төтенше қызмет өкілдері жыл көлемінде 440 есікті ашып, 17 сақинаны шешіп берген.
Сондай-ақ құтқарушылар ұялы телефон корпусының саңылауына саусағын тығып алған және бөшкеге кептеліп қалған балаға, жертөлеге құлап кеткен қарияға, кранға саусағын тығып алған оқушыға, медициналық маска оратылып қалған кептерге және «электрик мысыққа» көмек көрсеткен.
Облыс орталығындағы Бажов көшесіне жетіп жығылған жаралы елік тауып, «ZOOVITA» клиникасының ветеринарларына жеткізген де жанкешті құтқарушылар. Олар, сондай-ақ, құбырға жабысып қалған кірпіге де дер кезінде көмекке келген.
Қандай да бір төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласуды ұмытпаңыздар.