Өскеменде іс-түссіз жоғалған ер адам табылды
Өскеменде 4 наурыз күні іс-түссіз жоғалып кеткен Максим Архипов аман-есен табылды.
Оны полиция қызметкерлері бүгін досының үйінен тапқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, 22 жастағы Максим Архипов 4 наурыз күні Крылов көшесіндегі үйінен шығып, автобусқа мінген. Алайда, өзін нашар сезінгендіктен аялдамалардың бірінен түсіп қалған көрінеді.
- Қазіргі уақытта ол үйде туыстарымен бірге. Оның өтініші бойынша біз басқа ақпаратты жария ете алмаймыз. Ең бастысы, ер адам аман-есен табылды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз