Өскеменде із-түссіз жоғалып кеткен ер адам іздестірілуде
Облыс орталығында із-түссіз жоғалып кеткен 22 жастағы Максим Архиповты іздеу жұмыстары жүріп жатыр.
8 наурыз күні полиция бөлімшесіне әйел адам жүгініп, 4 наурыз күні сағат 16.00 шамасында үйден шығып, қайта оралмаған ұлын іздеуге көмек көрсетуді сұраған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Еріктілер таратқан ақпаратқа сүйенсек, Максим Архипов 02.05.2000 жылы туған. 4 наурыз күні Өскеменде Крылов көшесіндегі үйінен шығып, автобусқа мініпті. Алайда, өзін нашар сезінгендіктен қоғамдық көліктен түсіп қалған көрінеді. Одан кейін ол туралы ешқандай ақпарат белгісіз.
Белгілері: дене бітімі орташа, бойы 180 см. Үйден шыққанда үстінде қара күрте, Қара сұр түсті етік, сұр спорттық шалбар киген.