Тәртіп сақшыларына қарсы келген тұрғын жазаланды – ШҚО
Фото: turkystan.kz
Мас күйінде көлік тізгіндеп, тәртіп сақшыларының ескертуін елемеген тұрғын жазаланды.
4 маусым күні сағат 19.28 шамасында Риддер қаласында патрульдік полиция взводының қызметкерлері жол ережесін өрескел бұзған Mazda 626 автокөлігін тоқтатқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Аталған факті бойынша жолаушыға қатысты құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіліне немесе оның талабына бағынбағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Бұдан бөлек, автокөлік жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Риддер қаласының прокуратурасына ұсынылған портативті бейне тіркегіштегі материалдар зерделеніп, олардың нәтижелері бойынша полиция қызметкерлері тарапынан заңсыз әрекеттер анықталмады. Қазіргі уақытта заңды тұлғаның талабына бағынбаған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 378-бабы (билік өкілін қорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.