KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 7 м/с, ОШ
529.99 546.63 5.21

ШҚО-да 3 мыңнан астам адамды кене шақты

Фото: egemen.kz

29.08.2023, 09:47 182 Ләззат Қанатқызы

Ағымдағы жылы ШҚО-да кене шаққан адамдар саны 3083-ке жетіп отыр.

ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кенеден зардап шеккендердің ең көбі Өскемен қаласында тіркелген, деп хабарлайды Altyanews тілшісі.

  "Кенеден зардап шеккендердің 44 пайызы облыс орталығында, 21 пайызы Риддерде, одан кейін Алтай және Катонқарағай аудандарында тіркеліп отыр. Сондай-ақ кене энцефалитімен 6 адам ауырды. Олар: Таулы Үлбі ауылының, Риддер қаласының, Каменка және Ұрынқай ауылдарының тұрғындары. 6 адамның тек біреуі ғана дер кезінде медициналық көмекке жүгінген", - дейді ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметі.

Осы орайда айта кету керек, өңірде кененің таралу маусымы сәуір айында басталған. Негізінен, ШҚО республикада кене энцефалитін жұқтыру қаупінің «жоғары» аймағына жатады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу