KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 3,7 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Төрт жүзден астам тұрғын кенеден зардап шекті – ШҚО

5.05.2023, 12:21 309 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында 446 адам кенеден зардап шекті. Оның ішінде 14 жасқа толмаған 144 бала бар.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің деректеріне сүйенсек, зардап шеккендердің көпшілігі кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин алған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Зардап шеккендердің ішінде 423 адам иммуноглобулин алған. 23 адам әртүрлі себептермен вакцинация алмаған. Ал кене инфекциясымен сырқаттанған адам жоқ», деп мәлімдеді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге саламыз, Шығыс Қазақстан облысындағы эндемикалық аумақтар: Өскемен, Риддер қалалары мен Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Ұлан, Шемонаиха аудандары. Сондай-ақ Алтай мен Самардағы кейбір аумақтар да кене энцефалитінің табиғи ошақтары болып саналады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив