ШҚО-да бір жылдан астам уақыт бұрын жоғалған ер адам Алматыдан табылды
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі
ШҚО-да бір жарым жыл бұрын жоғалып кеткен ер адам Алматы қаласынан табылды.
Өткен 2022 жылдың сәуір айында Катонқарағай аудандық полиция бөлімшесіне зейнеткер әйел жүгініп, 45 жастағы ұлының жоғалып кеткенін жеткізген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО ПД мәліметіне сүйенсек, полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізгенімен еш нәтиже шықпаған. Тек ағымдағы жылдың тамыз айында жоғалған азаматтың «Алматы-Өскемен» бағытында теміржол билетін сатып алғанын анықтаған.
"Ер адам өткен жылдан бері Алматы қаласында тұрған. Ол өзін жақындары іздеп жатқанынан мүлде бейхабар болған", - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, тәртіп сақшылары жыл басынан бері жоғалған 35 адамды тапқан.
Оқи отырыңыз