KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
443.37 474.49 4.83

Петропавлды «жармақ» болған өскемендік тұрғын ұсталды

Фото: aikyn.kz

11.10.2023, 16:30 142 Ләззат Қанатқызы

Петропавлды «жарамын» деп «SOS» батырмасы арқылы полицияға хабарласқан ер адам ұсталды.

Күдіктінің Өскемен қаласының тұрғыны екені, бұған дейін де бірнеше рет сотты болғаны анықталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 қазан күні түскі уақытта біреу полицияға хабарласып, Петропавл қаласын жарып жіберетінін айтқан. Белгісіз адамның Қазақстан Конституциясы мен Казахстанская правда көшесінің қиылысында орналасқан «SOS» батырмасын пайдаланғаны белгілі болды. Оқиға орнына бірден патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жетіп, телефон шалған күдіктіні ұстады. Ол Өскемен қаласының 44 жастағы тұрғыны екен. Бұған дейін ол бірнеше рет сотталған.

Медициналық куәландыру нәтижесінде ер адамның мас екендігі анықталды. Айтуынша, мұндай қадамға баруына жеке басындағы қиындықтар себеп болған.

Факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бабы бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Полицейлердің айтуынша, лаңкестік актісі туралы жалған хабарламалар құқық қорғау және арнайы органдардың жұмысын тежейді, хабарламаны тексеруге айтарлықтай күш жұмсалады. Қылмыстың бұл түріне 5 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (1 АЕК – 3450 теңге) айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив